Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елімізде қыз алып қашуды да Қылмыстық кодекске енгізбек

Адам құқығы жөніндегі уәкілдің бастамасымен Қылмыстық кодекске «Неке қию мақсатында адамды ұрлау» деген 125-1-бапты енгізу туралы ұсыныс жолданды. Оны Бас прокуратура қолдап отыр.

Елімізде қыз алып қашуды да Қылмыстық кодекске енгізбек
фото: nts.kg

Тек кейінгі 2,5 жылда елімізде үйдегі агрессорлар 300 адамның өліміне себепкер болды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірген 913, ал денсаулыққа орташа зиян келтірген 837 жағдай тіркелді. 37 мыңнан астам адам түрлі жауапкершілікке тартылды, - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев.

Оның айтуынша, некеге тұру үшін қыздарды ұрлау тәжірибесі әсіресе оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі. Кей жағдайда мұндай әрекеттер жыныстық тұтастықты бұзуға, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлауға, заңсыз бас бостандығынан айыруға және тіпті өзіне қол жұмсауға да әкеп соғады.

Некеге тұру мақсатында қыздарды ұрлау бойынша нақты статистика жоқ. Өйткені Қылмыстық кодексте мұндай құқықбұзушылықтың жеке құрамы көрсетілмеген.

Қазір ұлттық құқық қорғау мекемесі қылмыстық заңнамаға бірқатар түзетулер, атап айтқанда жеке бапты енгізуді және жәбірленуші өз еркімен босатылған жағдайда қылмыскерді қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейтін Қылмыстық кодекстің 125-бабына қатысты ескертпені алып тастауды қарастырып жатыр.

Орталық Азия елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан қылмыстық заңнамаларында әйелдерді некеге мәжбүрлеп тұрғызу мақсатында ұрлау туралы жеке бап бар», - делінген хабарламада.