Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Шошқа қорада қаза тапқандардың несиесін кәсіпорын жауып береді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров шошқа фермасында қаза тапқан жұмысшыларды жерлеуді ұйымдастыруды және олардың несиесін өтеп беруді аудан әкімі мен кәсіпорын басшылығына тапсырды.

Шошқа қорада қаза тапқандардың несиесін кәсіпорын жауып береді
фото: pkzsk.info

Аудан әкімдігі кәсіпорынмен бірге жерлеу рәсіміне қажетті шараларды ұйымдастырады. Кәсіпорын барлық шығынды өз мойнына алуы, содан кейін марқұмдардың отбасына, несие мәселесін шешуге көмектесуі керек, - деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар EMC Agro кәсіпорнының баспасөз қызметі облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылғанын, оның құрамына компания өкілдері де кіргенін хабарлады.

Компания тарапынан зардап шеккен қызметкерлердің отбасына барлық ықтимал қолдау, оның ішінде психологиялық, әлеуметтік және материалдық көмек көрсетіледі, - деп толықтырды компания.