Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

АҚШ соты Мұхтар Әблязов БТА Банк ақшасын ұрлап, Америкаға жылыстатқанын растады

Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша АҚШ округ соты Джон Г. Коэлтл Triadou SPV S. A-ға қарсы шағымға орай «БТА Банкі» АҚ пайдасына 193 млн доллардан астам сомаға шешім шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

АҚШ соты Мұхтар Әблязов БТА Банк ақшасын ұрлап, Америкаға жылыстатқанын растады
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев

Сот жауапкер Triadou SPV - Әблязовтың күйеу баласы Ильяс Храпунов құрған және бақылайтын жалған компания екендігін растады.

Компания БТА-дан ұрланған қаражат түрінде 70 миллионнан астам АҚШ долларын алып, оны Нью-Йорктегі және Америка Құрама Штаттарының басқа жерлеріндегі жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде салған.

«Сотта ұсынылған дәлелдер Triadou атынан Құрама Штаттарына салынған қаражат БТА банктен Аблязовтың өзге де жалған компаниялар арқылы ұрлаған 115,3 млн доллармен тікелей байланысты екенін көрсетеді», - деп жазылған сот қорытындысында.

Сот барысында Ілияс Храпунов анасының Triadou SPV компаниясын үшінші тұлғаға – Филипп Глатцка сатқанын айтқан.

Алайда сот «Глатцтың Triadou SPV компаниясын сатып алғаны жалған, ақшаны Ілиястың өзі берген. Сот процесі басталғаннан кейін де Ілияс Храпунов Triadou SPV компаниясына бақылау жасауын жалғастырған» деген қорытындыға келді.

Сот пен алқабилер куәгерлерді, оның ішінде Әблязов пен оның сыбайластарын, сонымен қатар куәгер сарапшыларды тыңдады.

Сот БТА банкі ұсынған дәлелдемелер Әблязовтың БТА корпоративтік бизнес басқармасын «офшорлық компанияларға жалған несие беру» арқылы млрд доллар ұрлау үшін пайдаланған деген қаулы қабылдады.

«Нью-Йорк соты мен алқабилерге Мұхтар Әблязовтың БТА банкін млрд долларға алдағанын және ұрланған ақшаны АҚШ-қа жылыстатқанын дәлелдей алдық. Бұл іс әділдікті қалпына келтіру жолындағы БТА банкінің маңызды қадамы болды және Аблязов пен оның ымыраластарын жауапкершілікке тарту үшін шешуші мәнге ие», - деді Boies Schiller Flexner LLP басқарушы серіктесі және БТА кеңесшісі Мэттью Л. Шварц.

Бұған дейін Бас прокуратура Мұхтар Әблязовті елге қайтаруға бар күшін салатынын айтқан еді.