Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Аланияда жол апатына түскен қазақстандықтардың бірі қайтыс болды

Түркияның Алания аумағында болған жол апатынан қазақстандық турист көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Аланияда жол апатына түскен қазақстандықтардың бірі қайтыс болды
фото: ntv.com.tr

Автобуста болған 12 қазақстандықтың екеуіне ота жасалды. Қалған 10 адамның, оның ішінде 4 баланың жағдайын дәрігерлер қалыпты деп бағалаған.

Бүгін таңертең жол апатына түсіп, ауыр жарақат алған қазақстандықтардың бірі ауруханада қайтыс болды. Қайтыс болған ҚР азаматының ұлы Анталия қаласына жетті. Оған Түркиядағы қазақстандық дипломаттар қажетті көмекті береді.

Айта кетейік, Түркияда жол апатына ұшыраған азаматтардың бәрінің медициналық сақтандыруы бар.

Түрік полициясының хабарлауынша, автобус жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп, жүк көлігіне соқтығысқан. Апат салдарынан зардап шеккендер бар, олар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.