Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Ақтөбеде кішкентай ұлын өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ақтөбеде өз ұлын өлтірді делінген айыпталушыға прокурорлар өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбеде кішкентай ұлын өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: әлеуметтік желіден

Прокурорлар қорытындысын естігенде қатты абдырап қалған айыпталушы балаға саусағының ұшы да тимегенін алға тартты. Артур Ахунов қатты қорқып кеткендіктен, баланың денесін жылдам көміп тастауды ойлағанын айтады. Ал бұған, енді белгілі болғандай, оның қарт анасы көмектескен екен.

«Әжесі пәтерге кірген кезде Данилдың диванда көрпенің астында жатқанын көрген. Сосын соң Артурдан не істегенін сұраған. Жауап ретінде ол баланың денесі салқындап кеткенін, содан ес жия алмай отырғанын, сондықтан мәйітті жасыру керек екенін айтқан. Және бұйрықты үнмен өзіне көмектесуді талап еткен. Көлік кеткеннен кейін олар біраз жаяу жүрген. Әйел тоқтап, Артурға денені көму әрекетіне қарай алмайтынын айтқан. Данилдың денесін Артурдың өзі көмген», - деді облыс прокурорының орынбасары Азамат Құстанов.

Кейін әйел бұл айғақтарынан бас тартқан. Бірақ оның неге сыбайлас ретінде қылмыстық іске тартылмағаны сотта түсіндірілмеді. Прокурорлар сотталушыға қысым көрсетілді деген ақпаратты жоққа шығарды.

Тергеушіге қатысты қызметтік тексеру жүргізілді, заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік айыптаушылар ер адам процеске қатысушыларды адастырып, жауапкершіліктен жалтарғысы келеді деп санайды.

Айыпталушы жақында ұлының өліміне өзінің басқа балалары кінәлі екенін айтқан болатын. Оның айтуынша, балалар кішкентай бауырын бірнеше рет бетон еденге құлатып алған, соның салдарынан қайғылы жағдай болған-мыс.

Прокурорлар Ахуновқа жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрағанда, ол қатты абдырап, тіпті жылап жібере жаздады. Ол үшін барлығын заңгер айтып берді. Қорғаушы тергеу істі толық түсінбеді деп есептейді және сотталушының мұндай жазаға лайық емес екеніне сенімді.