Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шибөрі ұстаған Төреғалидың орыс депутаттарына "тісі батып" кеткен бе?

"Аштық, зорлық тек қырғын әкелмесе, орыстан қашан бізге сый бөлінген?" - деген еді ол...

Шибөрі ұстаған Төреғалидың орыс депутаттарына "тісі батып" кеткен бе?
фото: "Ұлы дала комедиясы" фильмінен

Бұған дейін әнші Төреғали Төреәлінің Instagram-дағы жеке парақшасына шибөрімен түскен суретін жарияланғаны қоғамда қызу талқыға түскен еді. Сол суретке қатысты Алматы облысының полициясы арнайы тексеру жұмыстарын бастап та кеткен. Алайда гәп әншінің аңшы болуында емес сияқты, деп жазды paryz.kz.

Байқасақ, Төреғали Төреәлі өлі шибөріні желкеден бүріп ұстаған суретіне төмендегі үш шумақ өлеңін шығарған:

"Енші етіп, шұрайлы да күйлі өңірден,

Біз қазаққа жер бердік дейді елірген.

Аштық, зорлық тек қырғын әкелмесе,

Орыстан қашан бізге сый бөлінген?

 

Жымысқы саясатпен алдап-арбап,

Айырған хандарымнан, билерімнен.

Тіс көрсетіп қояды ауық-ауық,

Әрекеті аумаған шибөріңнен.

 

Шулатпай шибөріні дұрыс болар,

Көкжалдай көк желкеден кейде бүрген.

Жалыққан жоқсыңдар ма көкжалдарым,

(Шакалдардың) алдында именуден?!".

Тағы оқи отырыңыз: Төреғалидың "аңшылықта" шибөрімен түскен суретін полиция тексеріп жатыр

Әрине, бұл – кезінде айтысқа қатысқан ақынжанды Төреғалидың Ресей Думасы депутаттарының арандатуына өлеңмен қайтарған қарсы жауабы. Ал Алматы облысының полициясы желілерде қаптаған өзге браконьерлер мен аңшылардың емес, тек әншінің осы бір астарлы суретінің қандай жағдайда түсірілгеніне мән бере қойған. Сонда сол әрекетке ғана құқықтық баға беру дегенді қалай түсінуге болады? Мәселе шибөрі аулауда емес, саяси өлеңде емес пе екен осы?..