Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысы сот үкіміне шағымданды. Іс апелляциялық сатыға жолданады. Бұл туралы ҚазАқпарат сауалына орай Астана қаласының сотынан мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Бүгінгі таңда Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 20 маусымдағы үкіміне апелляциялық шағым келтірмеді. Алайда, оның қорғаушысы тарапынан үкімге апелляциялық шағым түсті. Оның негізінде қылмыстық іс заңда көрсетілген мерзімге сәйкес апелляциялық сатыға жолданады», - делінген жауапта.
Еске салайық, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы 28 мамырда қамауға алынған еді.