Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Алматыда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті "Sincere System Group" (S-Group) компаниясының өкілдері қаржылық пирамида құрғанын анықтап, сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Фото: Zakon.kz

ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметкерлер белсенді азаматтардың қатысуымен компанияның қызметін ерте кезеңде тоқтатып, бұл алданған инвесторлардың санын азайтуға мүмкіндік берді.

"S-Group компаниясының өкілдері салымшыларға айына 6%-дан 8%-ға дейін немесе жылына 70%-дан астам жоғары кірістілікке уәде берді. Депозиттің ең төменгі сомасы $100 құрайды. Сондай-ақ, салымшыларды тартқан жағдайда соманың 5 пайызы көлемінде кепілдендірілген кіріс қарастырылған."ҚМА баспасөз қызметі

Бұл ретте клиенттерге ақшаны қабылдау фактісін растайтын құжаттар мен келісімдер ұсынылмаған, салым сомасы жеке кабинетте цифрлық түрде көрсетіліп, салынған қаражатты алу мүмкіндігі болмаған.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты "қамау түріндегі" бұлтартпау шарасы санкцияланды."ҚМА баспасөз қызметі

Егер сіз және сіздің туыстарыңыз "S-Group" компаниясының қызметінен зардап шексе, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне немесе ҚМА call-орталығына хабарласыңыз.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.