Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Сарапшылар шешім қабылдады»: Оқу-ағарту министрі жаңа оқу жылының ұзақтығы туралы айтты

Үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзақтығына қатысты сарапшылар шешім қабылдағанын мәлімдеді.

«Сарапшылар шешім қабылдады»: Оқу-ағарту министрі жаңа оқу жылының ұзақтығы туралы айтты
Фото: ашық дереккөз

Ғани Бейсембаев сарапшылардың өткен жылғы оқу мерзімін қалдыруды ұсынғанын айтты.

«Сарапшылар шешім қабылдады, ғалымдар да шешім қабылдап, оқу жылын 36 апта етіп қалдыруды ұсынады», - деді министр.

Десе де, министр бұл ұсыныс қоғаммен талқыланатынын айтты.

«Қазір министрлік түпкілікті шешім қабылдаған жоқ, енді бұл ұсынысты бүкіл ел бойынша ата-аналар мен мұғалімдермен бірге талқылау қажет. Қазір біздің мамандар облыстарды аралап, ата-аналармен, балалармен, мұғалімдермен кездесіп, соңғы шешімнің қандай болатынын талқылап жатыр», - деп түсіндірді Ғани Бейсембаев.