Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ақмола облысында төсек тартып жатқан анасын тепкілеген азаматқа сот үкімі шықты

Ақмола облысында анасының денсаулығына ауыр зиян келтірді деген айыппен жұмыс істемейтін, бұрын соттылығы бар азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақмола облысында төсек тартып жатқан анасын тепкілеген азаматқа сот үкімі шықты
Фото: Azattyq Ruhy

66 жастағы әйел үйде құлап, жамбас сүйегін сындырып алған. Оның ұлы үйіне мас күйінде оралып, анасының ауырсынуына шағымданғанына қарамастан, одан тұруды талап етіп, оған айқайлаған, содан кейін төсектен еденге итеріп, кеудесі мен ішінен аяқпен тепкен. Бірнеше сағаттан кейін анасына жедел жәрдем шақырған.

«66 жастағы «К.» жамбас сүйегінің жабық сынуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды, кеуде жарақаты, алты қабырғаның сынуы, кеуде гематомасы, жамбас сүйегінің сынуы, іштің жарақаты, көкбауырдың жарылуы, іш қуысында қанның жиналуы анықталды.

Сотта «Ж.» кінәсін мойындап, өкінді, жәбірленуші анасы оны кешірді, ұлына ешқандай талап қоймады, оны бас бостандығынан айырмауды өтініп сұрады.

Жаза тағайындауда сот сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларды – әрекетіне өкінгенін, сондай-ақ ауырлататын мән-жайларды - мас күйінде қылмыс жасағанын ескерді. Сот үкімімен «Ж.»-ға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және 575 398 теңге сомасында (жәбірленушіні емдеуге шығындар) материалдық залал өндірілді», - делінген Ақмола облыстық сотының баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, бас бостандығынан айыруды өтеу орнында алкоголизмнен емдеу бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалды.