Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Мемлекеттік күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді – Жарлық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жөніндегі ережені бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Мемлекеттік күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді – Жарлық
Фото: sputniknews.kz

Жаңа өзгеріске сай, Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталды.

«Міндеттері - Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - делінген жаңа редакцияда.

Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 3 тамызда күшіне енеді.