Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Петропавл колониясында сотталушы қайтыс болды

Петропавл колониясында 43 жастағы ер адам басқа сотталушымен жанжалдасқаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Петропавл колониясында сотталушы қайтыс болды
Фото: pixabay.com

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №48 мекемесінде (бұрынғы ЕО 164/3 мекемесі немесе Петропавлдағы Заречный кентінде орналасқан "тройка") сотталғандар арасында жанжал болған.

"Профилактикалық әңгіме барысында сотталғандардың бірі тынысы тарылып, тұншыға бастаған. Жедел жәрдем көлігі дереу шақырылды. Қызметкерлер алғашқы медициналық көмек көрсетті, бірақ сотталушы көз жұмды", - деп хабарлады облыстың ҚАЖД баспасөз қызметі.

 

Облыс полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру"бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. ҚАЖ облыстық департаменті қызметтік тергеу тағайындады.

Мекеме мамандарының айтуынша, сотталушының бұған дейін де денсаулығында ақау болған.

Сотталушылар арасындағы жанжал не үшін болғаны және жарақат алғаны анықталып жатыр.

"Денені сырттан тексерген сарапшы жарақат ізін таппады. Өлімнің себебі анықталып жатыр", - дейді ҚАЖД.