Ақтөбеде автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысып, соның салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Диапазон» басылымының жазуынша, қайғылы жол-көлік оқиғасы 20 шілдеде шамамен сағат 19:40-та Қарғалы тұрғын алабында болған.
«Сәтбаев пен Құрғұлов көшелерінің қиылысында бір автобус пен екі жеңіл көлік, атап айтқанда, «ВАЗ 21074», «Chevrolet Cobalt» және «ПАЗ-32053» көліктері соқтығысты. Апат салдарынан көліктердің біріндегі жолаушы алған жарақатынан ауруханада көз жұмды», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.