Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қарағанды облысында екі жарым жастағы қыздың мұрнынан тірі құрттар табылды

Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасында дәрігерлер 2 жарым жастағы баланың мұрнынан тірі құрттарды шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қарағанды облысында екі жарым жастағы қыздың мұрнынан тірі құрттар табылды
Фото: облыстық аурухана

Қабылдау бөліміне жедел медициналық көмек бригадасы мұрынның қанауымен және онда бөгде заттың болуы мүмкін деген болжаммен ауруханаға 2 жас 6 айдағы қыз баланы жеткізген.

«Мұрынның риноскопиясын жүргізген кезде, оң жағынан көптеген мөлдір көздер байқалған.
Анасы қызының мұрнында құраттардың қашан пайда болғанын білмейді. Айтуынша, баланың әжесі 3-4 күн бұрын мұрыннан жағымсыз иісті байқаған. Бүлдіршіннің мұрнынан қан кеткеннен кейін медицинаның көмегіне жүгінген. Мұрында 10 тірі құрт болған», - делінген облыстық балалар клиникалық ауруханасының хабарламасында.