Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Саунадағы балалар лагері: Прокуратура бүкіл ел бойынша демалыс орталықтарын тексеріп жатыр

Алматы прокуратурасы саунамен бір ғимаратта орналасқан балалар лагерін ұйымдастыру кезінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттігін теріс пайдалану және міндеттерін орындамау фактілері бойынша тексеруді бастады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Саунадағы балалар лагері: Прокуратура бүкіл ел бойынша демалыс орталықтарын тексеріп жатыр
Фото: facebook.com/Инка Рокеровна

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118 – мемлекеттік, 100 – жекеменшік, 630 – шатырлы.

Сондай-ақ, маусым айында 10 216 мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасады.

Жазғы кезеңді және балалардың құқықтарының бұзылуын ескере отырып, Бас прокурордың тапсырмасымен аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерлердің қызметін тексеруге кірісті.

Тексеру кезінде балалардың тұру, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету жағдайын қамту жоспарланған.

2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қызметін сатып алу кезінде заңнаманы сақтау мәселелері зерттеліп жатыр.