Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Түркістан облысында ер адам балаларға заңсыз діни сабақ өткізген

Түркістанда кәмелетке толмаған 70-ке жуық балаға заңсыз діни сабақ өткізген азамат анықталды, деп хабарлады Paryz.kz.

Түркістан облысында ер адам балаларға заңсыз діни сабақ өткізген
Фото: polisia.kz

Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп, жедел іс-шаралар өткізу барысында, кәмелетке толмағандарға заңсыз діни сабақ берген ер адамды анықтады. Яғни, Түркістан қаласының тұрғыны үйінде 5 жастан 17 жасқа дейінгі 68 балаға сабақ беріп, діни уағыздарды заңсыз өткізген, ал оқу ақысы 100 мың теңгені құраған. Күдіктінің мекенжайы бойынша тексеру жүргізу кезінде 68 баланың діни бағыт бойынша сабақ алғаны расталды.

Сондай-ақ оқушылар арасында Түркістан ғана емес, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Өзбекстан Республикасы балаларының да білім алғаны анықталды. Оған қоса полицейлер жергілікті тұрғынның үйінен сараптамаға бағытталған 100-ден аса діни сипаттағы кітаптарды тәркіледі.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-бөлігі («Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз діни қызметпен айналысқаны және діни әдебиеттерді таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, – делінген полиция хабарламасында.