Ақтөбеде алаяқтар 84 жастағы кейуананың 15 миллион теңгесін қолды қылды. Алаяқтар әжені жол апатына ұшыраған қызына шұғыл ота қажет деп алдаған, деп хабарлайды Paryz.kz.
13 шілдеде кейуана полицияға арыз жазып, алаяқтарға алданып қалғанын айтқан.
"Ақша аудару кезінде үш күдікті – Алматы қаласының тумалары ұсталды. Олардан банк терминалдары арқылы сыбайластарының есепшотына жібермек болған 15 миллион теңге тәркіленді", – деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.