Әнші Төреғали Төрәлінің қамаудағы мерзімі аяқталды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл хабарды әншінің адвокаты Елнұр Кішкенебаева да әлеуметтік желіде Төреғали Төрәлінің қамаудан босатылғанын жазды.
Төреғали ұлдарыңыз бостандыққа шықты. Барша қолдап, қорғаған оқырмандарға мың алғыс! Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рақмет айтамын!, – деп жазды ол.