Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Түркістанда шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы пара алу бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Paryz.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Түркістанда шенеунік пара алды деген күдікке ілінді
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олар жеке кәсіпкерді 18 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілініп отыр. Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған", - делінген хабарламада.

Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.