Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Астана және Алматы әкімдері Украинаны қолдау акцияларына неге қарсы

Қоғам белсенділері Астана, Алматы және Көкшетау әкімдіктері тамыз айының барлық демалыс күндері Украинаны қолдайтын бейбіт митингілерді өткізуден рұқсат бермегенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана және Алматы әкімдері Украинаны қолдау акцияларына неге қарсы
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматы әкімдігі хабарламаларға жауап ретінде 5,6,12,13,19,20,26 және 27 тамызда (тамыздың барлық демалыс күндері) бейбіт митинг өткізуге тыйым салды.

Белсенділердің сөзінше, әкімдік акцияларға рұқсат берілмеу себебін “осы тақырыпта митинг өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төнетіндігімен" түсіндірген.

Астана әкімдігі де тамыздың барлық демалыс күндеріне Украинаны қолдау үшін митингілер өткізуге рұқсат бермеген.

Рұқсат берілмеу себебі: толық ақпараттың ұсынылмауы.

Дәл осындай шешімді Көкшетау әкімдігі де шығарды.

Қала басшылығының сөзінше, бұған дейін көрсетілген орында өзге іс-шараларды өткізу келісіліп қойған.

2022 жылдың 24 ақпанынан бастап ел әкімдіктері Украинаны қолдау акцияларын өткізуге 108 мәрте рұқсат бермей қойған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айда да Қазақстан әкімдіктері соғысқа қарсы митингтер өткізбек болған. Атап айтқанда, 2 шілдеде – соғыстың басталуына 500 күн толуына орай бірнеше қалада бейбіт жиналыстар жоспарланған еді. Алайда шаһарлардың әкімдіктері түрлі себеппен бұл акцияларды өткізуге рұқсат бермеді. Кейін елорда әкімі Жеңіс Қасымбек "мұндай митинг туралы алғаш рет естігенін" айтты.