Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Балалар лагерінде жартылай жалаңаш ер кісілер жүр»: Білім басқармасының жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды

Әлеуметтік желіде Алматыдағы сауналардың бірінде орналасқан балаларға арналған жазғы лагерьдің видеосы тарады. Онда бейнежазба авторы балалардың еденде ұйықтап жатқанын және лагерьдің ішінде сүлгі оранып, жартылай жалаңаш жүрген ер азаматтардың бар екенін көрсеткен, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Балалар лагерінде жартылай жалаңаш ер кісілер жүр»: Білім басқармасының жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды
Фото: видеодан скриншот

Алматының білім басқармасы видеодағы лагерьге қатысты түсініктеме берді. Басқармадағылар осы бағытта қызмет көрсеткен «БелРичи» ЖШС компаниясының жауапсыздық танытқанын алға тартып,  Мемлекеттік сатып алуға қатысуға одан әрі тыйым салу туралы талап дайындалып жатқанын хабарлады.

Басқармада қызмет көрсетуші мемлекеттік сатып алуды өткізудің барлық ережелеріне толық сәйкес келгендіктен анықталғанын мәлімдеді.

Мәселен, 13 шілдеде «Арман дала» саяжай лагерінде балалар демалысын ұйымдастыру туралы шарт жасалды, 15 Шілдеде білім басқармасының қызметкерлерімен бірге алғашқы келу жүзеге асырылды және талаптардың бұзылу фактілері анықталған кезде балаларды үйлеріне апару процесі шұғыл түрде басталды. Қазіргі уақытта лагерьде балалар жоқ. Жақын арада олар мектеп оқушыларының болуының бекітілген ережелерін қатаң сақтай отырып, лагерьлерге жіберілетін болады.

Жеткізушімен қолданыстағы шарт бұзылады, сондай-ақ осы компанияның басқа мемлекеттік сатып алуға қатысуына жол бермеу үшін жосықсыз өнім беруші деп тану туралы талап арыз беріледі. Білім басқармасының жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды.

«Қазіргі уақытта білім басқармасы қоғамдық кеңеспен бірлесіп жұмыс тобын құрды, оның құрамына ата-аналар қауымының, қалалық прокуратураның және барлық мүдделі органдардың өкілдері кірді. Жұмыс тобы шеңберінде барлық қала сыртындағы лагерьлерді аралау жүргізіледі. Жұмыс тобы қала сыртындағы лагерьлер мониторингінің нәтижелері туралы үнемі хабарлап отырады», - деп толықтырды әкімдік.