Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Kcell абоненттері мобильдік интернеттің жұмыс істемеуіне арызданып жатыр

Kcell  байланыс желісін  қолданатын елордалық тұрғындар таңертеңнен интернетке қосыла алмай жатқандарын жеткізді, деп хабалайды Paryz.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. 

Kcell абоненттері мобильдік интернеттің жұмыс істемеуіне арызданып жатыр
фото: egemen.kz

Компанияның әлеуметтік желідегі парақшасының астына наразылық білдіргендер қатары көп.

«Астана бойынша таңертең барлығында интернет жұмыс істемейді. Адамдардың ісінен қалдырдыңыздар. Мен таңертең такси шақыра алмадым , тапсырысымды да ала алмадым.  Таңертеңнен бастап менде стресс, жұмыста кімде актив барлығында  интернет жоқ. Ал Beeline жақсы жұмыс істеп тұр», - деп жазды пайдаланушылар.

Елрдалықтар тіпті автобуста жол ақысын төлей алмағандарын айтады.

«Таңертең интернет істемегендіктен жол ақысын төлей алмадым. Танысымды кездестіріп, соған төлеттім. Жіберілген смс-хабарламалар да маған жетпей тұр», - деп шағымданды елордалық тұрғын.

Компания бұған қатысты түсініктеме де берді.

«Компания қызметкерлері Қазақстанның солтүстік және шығыс бөліктеріндегі бірқатар қалада деректерді беру сервисінің жоқтығын анықтады. Қазіргі уақытта біздің мамандар сервистің жұмысын тезірек қалпына келтірудің себебін анықтап жатыр», - деп хабарлады Kcell.