Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі ұсталды

«Дикий Арман» қылмыстық тобының мүшелері ұсталды. Аталған топтың жолын кесу үшін Алматы қаласы мен еліміздің үш облысында арнайы операция 3 сатыда жүргізілген, деп хабарлады Paryz.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі ұсталды
фото: әлеуметтік желіден

Алғашқысы - қылмыстық ортада «Нойс» деген лақап атымен белгілі Жұмагелдиевтің бас кеңесшісі әрі «оң қолын» құрықтауға бағытталды. Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі ауыр қылмыстарға, соның ішінде 2018 жылы Алматы тұрғынын өлтіруге оқталуға қатысы бар деген күдікке ілінген. Дәл осы факті бойынша оған халықаралық іздеу жарияланды. Ал осы адам өліміне байланысты ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесі қолға түсті. Сондай-ақ, бұрын бірнеше рет істі болған «Карась» лақап атымен белгілі «Дикий Арманның» тағы бір көмекшісі «Қаңтар оқиғасы» кезіндегі тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін қамауға алынды. Арнайы операция нәтижесінде 80 адам ұсталып, оның 38-і темір торға тоғытылды. Ішкі Істер министрлігінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі, қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев пен негізгі қатысушылары қамауға алынғанына қарамастан оның басқа мүшелері адвокат қызметтерін қаржыландырып, қылмыстық әрекеттерін жалғастыруда. Тергеу процесінің қатысушыларына бұқаралық ақпарат құралдары және интернет желісі арқылы қысым көрсетіп жатыр.

«Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай және Түркістан қалаларында «қаңтар оқиғасы» кезінде Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке белсенді қатысқан 18 фигурантты ұстады. 36 тінту іс-шарасы жүргізіліп, бірнеше шолақ қару, тапаншалар, пышақтар, кастет, діни әдебиет, сондай-ақ тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілердің киімдері тәркіленді. Осы бағыттағы жедел іс-шаралар жалғасуда», - дейді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.