Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қару-жарақ пен есірткі тәркіленді: ҰҚК Алматыда қауіпті қылмыстық топты ұстады

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел қызметкерлері арнаулы мақсаттағы бөлімшені жұмылдыра отырып, Алматы қаласында қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қару-жарақ пен есірткі тәркіленді: ҰҚК Алматыда қауіпті қылмыстық топты ұстады
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

«Арнайы операция барысында ҰҚТ 5 белсенді мүшесі ұсталып, олардан Калашников автоматы, Макаров тапаншасы, жауынгерлік граната, тегіс ұңғылы «шолақ» мылтық және синтетикалық сипаттағы есірткі заты тәркіленді», - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

AMP

Топ мүшелері денсаулыққа ауыр зиян келтіру, аса ірі көлемде есірткі затын сату мақсатында  сақтау, қару мен оқ-дәріні заңсыз тасымалдау және сақтау қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген.

«Үш күдікті тергеу сотының рұқсатымен қамауға алынып, қалғандарына қатысты қажетті тергеу іс-қимылдары жүргізіліп жатыр. Қолданылған шаралар Алматы қаласының қылмыстық ахуалын жақсартуға және қылмыстық ортаның қоғамға әсерін әлсіретуге бағытталған», - делінген ведомство хабарламасында.

AMP

Қазіргі кезде жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.