Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қостанай облысында демалыста үш адам суға батып кетті

Қостанай облысында мерекелік демалыстағы оқиға туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Қостанай облысында демалыста үш адам суға батып кетті
Фото: inform. kz

«Тұрғындар арасында жүргізілген түсіндіру шараларына қарамастан, кейбір азаматтар кеңеске құлақ аспайды. Тек 6-8 шілдедегі мерекелік демалыста үш адамның суға ағу фактісі тіркелді», - деп хабарлады ведомстводан.

6 шілде күні кешкісін Б. Майлин ауданы «Параллель» турбазасында, Қаратомар су қоймасында ішімдік ішіп, шомылып жүрген 1968 жылғы ер адам суға батып кетті.

«Тағы бір қайғылы оқиға осы ауданда 7 шілде күні түстен кейін болған. «Алтын балық» демалыс базасында Айят өзенінде 1987 жылғы ер адам шомылуға арналған жерде шомылып жүріп, шектеу белгілері қойылған жерден асып кетіп, суға ақты», - деді ТЖД-дан.

8 шілдеде Тобыл қаласынан екі шақырым жерде, Тобыл өзенінде шомылуға тыйым салынған жерде 2000 жылғы азамат суға батып кетті. Жас жігіт достарымен Гагарин бөгетінде демалып жүрген.

Құтқарушылар осы аптап ыстық күндерде облыс тұрғындарын су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және балаларды өз бетінше шомылуға жібермеуге шақырады.