Алдағы күндері үш күнде еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы орнайды. Бұл туралы Қазгидрометтің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қазақстан аумағы арқылы Батыс циклоны өтеді, онымен батыста, содан кейін еліміздің солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.
Республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Циклон кезеңінде солтүстікте, орталықта, 11-12 шілдеде солтүстік-батыста, 12-13 шілдеде оңтүстікте, 13 шілдеде оңтүстік-шығыста күндіз 43 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтілуде, - делінген хабарламада.