Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Ақтауда 21 жастағы қыздың денесі су арнасынан табылды»: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Ақтаудағы «Шора» су жинау алабы маңынан өлі табылған 21 жастағы қыз өңірге танымал спортшы Валерия Шальнова болып шықты. Спортшының әпкесі сіңлісінің өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді, деп хабарлайды Lada.kz.

«Ақтауда 21 жастағы қыздың денесі су арнасынан табылды»: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Фото: lada.kz

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 2 шілдеде сағат 08:00 шамасында 102-ге су жинау арнасында, көпір маңында адам мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Жедел-тергеу тобы хабарға байланысты сол жерге келген. 21 жастағы қыздың денесі зорлықпен өлім белгілерінсіз табылды», - делінген хабарламада.

Валерияның туыстары қыздың өліміне кінәлі адам тұтқындалғанын айтады. 

«Лераны екі жылдан бері бірге жүрген жігіті өлтірді деп ойлаймыз. Бұған дейін қол көтерген кезі болған. Тергеу басында өз ісін мойындаған, кейіннен сөзінен тайқыды. Оқиға болғанда оның телефоны жанында болмаған, жігітте болған. Ол бізге жалған қоштасу хатын жазған. Зерттеу көрсеткендей, Лера сағат 5 шамасында қайтыс болған, ал хат 6-лар шамасында жазылған», - дейді Каролина. 

Каролинаның айтуынша, сіңлісі Ақтауда танымал спортшы болған. Қоян-қолтық ұрыспен кәсіби түрде айналысқан. Көптеген жарыста жүлде алған. 

«Лера судан қатты қорқатын. Ол өзін суға тастауы мүмкін емес. Біз істің әділ болғанын талап етеміз», - дейді Каролина Шальнова.