Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Прокурор ҚазҰУ ректорының ұлын өлтірген адамды жеті жылға соттауды сұрады

Алматының Әскери сотында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне қатысты атышулы істің соты өтіп жатыр, деп хабарлайды 

Прокурор ҚазҰУ ректорының ұлын өлтірген адамды жеті жылға соттауды сұрады
Фото: zakon.kz

Алматыдағы Әскери сот ғимаратында өтіп жатқан сот отырысын судья Ерлан Ибраимовтың төрағалығымен өтіп жатыр. Кісі өліміне Талдықорған қаласының десанттық-шабуылдаушы бригадасының 33 жастағы офицері Серікбол Мұратханов айыпталып отыр. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнардың өліміне кінәлі деп танылды. Оған «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша айып тағылып отыр.

Істі мемлекеттік айыптаушы Әсет Жетібаев ашты. Жетібаевтың сөзінше, 2022 жылдың 6 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар екі досымен кездескен. Көлікпен олар қалаға азық-түлік алуға кетті. Елнар көлік жүргізіп, сағат 18:40 шамасында Назарбаев даңғылымен бара жатқан.

Сәтбаев көшесінің қиылысындағы қызыл шамға тоқтағанда, әскерилер мінген колонна кенеттен оларға оқ жаудырған. Елнарға үш оқ тиіп, ол ауруханаға жетпей көз жұмды. Қасындағы достары көліктің орындығының астына тығылып, аман қалды.

«Сотталушының жұмыс орнында оң мінездемесі, бұрын сотталмағаны, психо-наркологиялық диспансерде есепте тұрмағаны, асырауында кішкентай балалары бар екенін, бірақ сонымен бірге оның кінәсінің бұлтартпас фактілері бар екенін ескере отырып, оны жеті жылға бас бостандығынан айыруыңызды сұраймын», - деді прокурор Әсет Жетібаев.

Зардап шегуші тараптың сөзінше, істі ашуға жәбірленушілер түсірген бейнежазбалар көмектесті.

«Конвой Сәтбаев көшесімен жүріп бара жатқанда, жігіттер оларды түсіріп алды. Тіпті атқылау сәті видеоға түсірілді. Көліктен 11 оқ табылды. Және «ештеңе көрмедік, ештеңе білмейді» деп айтуы, менің ойымша, олар бір-бірін жасырып жатыр», - деді Әбдіғали Жұманов.

Бұған дейін Елнар Түймебаевтың өліміне қатысты куәгерлерден жауап алынғанын, күдікті ұсталғанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, 2022 жылдың 6 қаңтарында Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы – Елнарға оқ атылды. Күдікті 2022 жылдың 21 қазанында қамауға алынды.