Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«1,3 млн теңгеге диплом алып беремін»: Түркістан облысында алаяқ ұсталды

Түркістан облысының полицейлері кезекті алаяқты ұстады, деп хабарлайды paryz.kz  

«1,3 млн теңгеге диплом алып беремін»: Түркістан облысында алаяқ ұсталды
Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып шағымданған.

Таныс әйел ұлыңа диплом алып беремін деп қызметі үшін жәбірленушіден 1,3 миллион теңге ақша алған.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеуге алынды.