Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының бағасы көтеріледі

Энергетика министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде сатылатын сұйытылған мұнай газының шекті бағасы бекітілді, деп хабарлайды Paryz.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының бағасы көтеріледі
Фото: zakon.kz

Өкімге сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге Қазақстанның ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы белгіленді. Соммасы тоннасына 40 320 теңге, қосымша құн салығынсыз.

2022 жылдың 1 шілдесінен 2023 жылдың 30 маусымына дейінгі кезеңде құны тоннасына 33 600 теңгені құрады.

Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.