Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Мемлекеттік қызметшілер жарысқа түсті

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Айнабұлақ» спорт кешенінде Алматы қаласының әкімшілік және мемлекеттік қызметшілері арасында ұлттық спорт түрлері бойынша спартакиада өтті, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Мемлекеттік қызметшілер жарысқа түсті
Фото: almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған іс-шарада әкімдік басқармалары, департаменттер бөлімшелері арасынан шыққан спортшылар өзара күш сынасты. Бұл сайыста негізінен қазақтың ұлттық спорт ойындары басты назарға алынды. Дәлірек айтқанда қазақ күресі, арқан тарту, тоғызқұмалақ, армреслинг, гір спорты бойынша жарысқа түсті.

Спартакиаданың мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сондай-ақ ұлттық спорт ойындарының мерейін асыру, ұлықтау, өскелең жас ұрпақтың алдында ұлттық руханиятымызды дәріптеу болып есептеледі.

«Арнайы мереке аясында Алматы қаласының мемлекеттік қызметшілерінің басын қосып ұйымдастырды. Бұл спорттық іс-шарада ерекшелік бар. Яғни, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатыстырылмады. Өйткені, спорт олардың күнделікті айналысып жүрген етене жақын саласы болып есептеледі. Бұл әділдік болды. Оларға өзара жеке ұйымдастырылып қалар. Осылайша әкімшілік қызметтер бағытындағылар ғана сайысты», - деді Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызметтер істері агенттігінің өкілі Мақсат Жаңбыршиев.

Спартакиаданың әділ өтуі және әділ бағалануы тек қана төрешілер қолында. Жарыстың басталар сәтінде төрешілер қауымы әділқазы алқасы болуға, адал бәсеке ұйымдастыруға серт берді.

«Бұл сайыстың мерейі үстем. Ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар қамтылған. Нақтырақ арқан тартыс, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, гір тасын көтеру және т.б. Ұтқан құрамаға Алматы қалалық Спорт басқармасы тағайындаған медаль, грамота, бағалы сыйлықтар табысталды», - деді Қазақ күресінен жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Болатбек Ибрагимов.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Айнабұлақ» спорт кешенінде Алматы қаласының әкімшілік және мемлекеттік қызметшілері арасында ұлттық спорт түрлері бойынша спартакиада өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған іс-шарада әкімдік басқармалары, департаменттер бөлімшелері арасынан шыққан спортшылар өзара күш сынасты. Бұл сайыста негізінен қазақтың ұлттық спорт ойындары басты назарға алынды. Дәлірек айтқанда қазақ күресі, арқан тарту, тоғызқұмалақ, армреслинг, гір спорты бойынша жарысқа түсті.