Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Танымал қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады

Танымал қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов қайтыс болды, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Танымал қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады
Фото: әлеуметтік желіден

Жетісу облысы Полиция департаменті мәліметінше, 26 маусымда сағат 22.05 шамасында Седов Владимир Владимирович суицид жасағаны туралы хабарлама түскен. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген.

"35 жастағы ауыр атлеттің денесі Қаратал ауданы Достық ауылында тұратын жерінен табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері болған жоқ. Туыстарының айғақтарына сәйкес, ер адам өз-өзіне қол жұмсады. Қазір суицид дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі аудандық полиция басшылығы бақылауға алды",- делінген хабарламада.

Қайғылы жайтты Ауыр атлетика федерациясы да растады.

"Алдыңғы түні тәжірибелі спортшы, ауыр атлет Владимир Седов қайтыс болды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2008 жылғы Олимпиаданың қатысушысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және рекордшысы Владимир Седов бала кезінен спортқа берілген. Үздік жетістіктері үшін "Құрмет"орденімен марапатталған. Владимир Седов 35 жаста еді.

ҚР Ауыр атлетика федерациясының ұжымы Владимирдің отбасына, туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.