Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Айғырын атып, 41 бас жылқысын айдап әкеткен ұрыға іздеу салынды

Алматы облысы, Ұзынағаш өңіріндегі, Жоламан ауылындағы жылқышының 41 бас жылқысын айдап әкеткен. Бұл туралы Facebook қолданушысы, журналист Гүлмәрия Барманбекова желіде жариялады деп жазады Paryz.kz.

Айғырын атып, 41 бас жылқысын айдап әкеткен ұрыға іздеу салынды
фото: әлеуметтік желіден

Автор сөзінше, мұндай жайттар тоқсаныншы жылдары жиі орын алатын болған. Жұрт полицейлер мен ұрылардың астыртын жоспарлары арқылы жүзеге асатын қылмыс қайта дәуірлегенін жазуда.

Видеодан айғыр жылқыға оқ атып, тастап кеткенін байқауға болады. Жазба авторы, мал иесі жылқыларын тауып берген жанға 5 млн теңге сыйақы дайындап отырғанын қос кетті.