Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шемонаихадағы жарылыстан зардап шеккен екі адам көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Шемонаиха қаласында болған жарылыста ауыр күйік шалған науқастардың өмірі үшін дәрігерлер 48 сағат бойы күрескенімен, оларды аман алып қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды Paryz.kz агенттігі YK-news-ке сілтеме жасап.

Шемонаихадағы жарылыстан зардап шеккен екі адам көз жұмды
фото: ТЖМ

Бүгін, 26 маусымда Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы орташа ауыр күйде хирургия бөліміне түскен әйел мен ер адамның жағдайы жақсарып келе жатқанын хабарлады. Қазір олардың жағдайы тұрақты, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар олардың жағдайын облыстық және республикалық мамандар телекеңес арқылы да бақылап отыр.

Ауруханаға ауыр халде түскен екі зардап шеккен көз жұмды.

«Олардың денесін 100 пайызға дерлік күйік шалған. Мұндай ауқымды зақымданудың нәтижесі әдетте, алдын ала белгілі болады. Дәрігерлер олардың өмірі үшін 48 сағат бойы күресті. Бірақ өкінішке қарай, олар көз жұмды», - деді облыстық денсаулық сақтау баспасөз қызметі.