Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Журналист Думан Мұхаметкәрім екі айға қамауға алынды

Думан Мұхаметкәрім екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Журналист Думан Мұхаметкәрім екі айға қамауға алынды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Алматы облысы Іле аудандық сотының қаулысымен журналист Думан Мұхаметкәрім экстремизмді қаржыландырды деген айыппен қамауға алынған.

«Тергеушінің өтінішін қолдаған прокурордың пікірін ескере отырып, сот күдіктінің үстінен екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Шешім заңды күшіне енген жоқ», - деп мәлімдеді Іле аудандық соты.

Сот отырысынан кейін журналист Думан Мұхаметкәрім Талдықорғандағы тергеу изоляторына ауыстырылды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258-бабы «Терроризмді немесе экстремистік қызметті қаржыландыруды және терроризмге немесе экстремизмге өзге де қатысы бар» және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 405-бабы «Экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруға байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешімі шыққаннан кейін қоғамдық немесе діни бірлестіктің немесе өзге де ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу» бабы бойынша күдікті деп танылған. 22 маусымда ол 25 тәуліктік әкімшілік қамауға алынған уақытының аяқталуына байланысты босатылуы керек еді.