Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Елімізде жаңа мейрам пайда болуы мүмкін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1 ақпанды Азаматтық авиация күні деп белгілеуді ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Елімізде жаңа мейрам пайда болуы мүмкін
Фото: ашық дереккөз

Ашық үкімет порталында Үкіметтің №689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жаңа қаулы 11 шілдеге дейін жария талқыға шығарылды.

«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде: мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын: Қазақстан Республикасының азаматтық авиация күні – 1 ақпан; Кеңес әскері шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан», - деп жазылған қаулы жобасында.