Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Болат Назарбаев «Барыс» базарынан айырылды

Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Болат Назарбаевтың апелляциялық шағымы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлады Алматы облысының соты. Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы алғашқы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Болат Назарбаев «Барыс» базарынан айырылды
Фото : Сайт Общественного фонда "Салиқалы ұрпақ"

"Сот ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу кезінде облыстық органның және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органдардың келісімі болмағанын анықтады. Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін оның заңдылығы мен негізділігіне байланысты өзгертусіз қалдырды", - дейді облыстық сот.

Қарасай ауданының прокуратурасы бірінші сатыдағы сотқа Болат Назарбаевтың жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы және жер учаскелеріне меншік құқығын мемлекеттік тіркеуді жою туралы талап арызбен жүгінген болатын. Қарасай аудандық соты прокуратураның талабын қанағаттандырды. Алайда Болат Назарбаев сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым жазды.

Еске сала кетейік, Қарасай ауданында орналасқан аумағы 37 гектар болатын жер телімінеБолат Назарбаев иелік ететін. Ол жерде қазіргі күні "Барыс" базары орналасқан.