Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Райым, Мирас Жүгінісов пен Садраддин мемлекеттен қанша қаламақы алады

Мәдениет және спорт министрі бұйрығының жобасында Райым, Мирас Жүгінісов, Садраддин сияқты танымал жас әншілердің бюджет есебінен өткізілетін мәдени шараларда өнер көрсеткені үшін қанша қаламақы алатыны айтылған, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Райым, Мирас Жүгінісов пен Садраддин мемлекеттен қанша қаламақы алады
Фото: видеодан скриншот

«Қызметтердің құнына әртістердің сұранысы мен жұмысқа орналасуы, орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейі, дайындық кезеңдерінің уақыты (іс-шараның форматына байланысты, 3-7 күннен немесе одан да көп) және т.б. әсер етеді.

Мысалы, осы санаттағы музыканттар жобаларға қатысады (мысалы: Райым (Райымбек Бақтыгереев) - 2 500 000 теңгеден, Қоба (Қобыланды Болат) 2 000 000, Мирас Жүгінісов - 5 500 000, Дастан Оразбеков - 1 500 000, Әли Оқапов - 2 500 000, Садриддин Наджмиддин 2 000 000, Тұрар 1 000 000 - 3 000 000, Мәди Рымбаев 1 500 000 теңгеден бастап және т.б.)

Шындығында көрсетілетін қызметтердің құны 30% дейін жетуі мүмкін және одан да жоғары, бұл пайыздан асып түседі.

Өткізілген іс-шараларды сараптай келе, шара бюджетінің кем дегенде 30 пайызы осы санаттағы өнер қайраткерлерінің қатысуын қамтамасыз ету қызметтеріне жұмсалады деген қорытынды шығады.

Осылайша, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы тармақты стандарт бойынша жалпы соманың 30% дейін орындау мүмкін емес, сондықтан осы стандартты жобаның жалпы сомасының 30% дейін арттыруды сұраймыз», - делінген құжаттың салыстырмалы кестесінде.

Құжаттың толық атауы – «Қазақстан Республикасы мен шет елдерде өткізіліп, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды қаржыландыру ережесі мен қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 16-ақпандағы №51 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі бұйрығының жобасы.