Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Семейде жолаушылар мінген автобус өртеніп кетті

21 маусым күні Семейде автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды Paryz.kz Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейде жолаушылар мінген автобус өртеніп кетті

Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан автобустың видеосы тарады.

Семейде Шұғаев көшесінде автобустың өртеніп жатқаны туралы хабарлама «101» пультіне сағат 8:50-де түскен.

«Құтқару бөлімшелері келгеннен кейін 2013 жылғы ПАЗ автокөлігі жүріп бара жатқанда қозғалтқыш бөлігінің бөлшектері, аспаптар панелі, салонның ішкі қаптамасы, отырғыштары мен кузовы жанып жатқаны анықталды. Өрт аумағы 20 шаршы метр болды. Өрт тез арада сөндірілді», - деді Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрттің алдын ала себебі – қауіптілігі жоғары агрегатқа салғырт қарау.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.