Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

21 маусым күні сағат 8:15 шамасында Ақтөбе облысының Қобда ауылы маңында Самара-Шымкент автожолының 631 шақырымында шетелдіктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Hyundai Starex автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы рөлді басқара алмай, автокөлікті аударып алған. Салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала оқиға орнында қайтыс болды және 6 адам Қобда ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізіліп, онда 2 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.

Алдын ала болжам бойынша, автокөлік жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған.