Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Діни дәрістерді таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны жауапқа тартылды

Ақтөбе облысында теміржол ұйымының 29 жастағы қызметкеріне әлеуметтік желіде тыйым салынған діни аудиодәрістерді сақтағаны үшін 69 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Діни дәрістерді таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны жауапқа тартылды
Фото: © Sputnik / Наталья Селиверстова

Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көлік инфрақұрылымы қызметкерлерінің әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы тыйым салынған фото, бейне және аудио материалдарды анықтау және олардың таралуына жол бермеу мақсатында күн сайын интернет ресурстарына мониторинг жүргізеді.

Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 453-бабына сәйкес (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Мәселен, ВКонтакте әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде Ақтөбе облысы теміржол ұйымының қызметкерінен дінтану зерттеуінің қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған аудиоматериалдар табылды.

Көлік полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотына жолдады. Сот шешімімен 29 жастағы ер адам 20 айлық есептік көрсеткіш (69 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.