Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

«Қазақстан русофобиялық елдің нақ өзі»: Лепстің директоры даулы мәлімдеме жасады

Ресейлік әнші Григорий Лепстің директоры Владимир Урюпин әншінің Қонаевтағы концерті тоқтатылғаннан кейін бірден Қазақстан туралы бірнеше жағымсыз пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан русофобиялық елдің нақ өзі»: Лепстің директоры даулы мәлімдеме жасады
Фото: RG

"Иә, соңғы уақытта Қазақстан  русофобиялық елдің нақ өзі. Григорий Викторовичтің ұстанымы өзгермейді. Өзге елдерде не болып жатса да, не айтылса да, өз елімізді қолдаймыз. Концертті тоқтатса – тоқтатсын. Ештеңе етпес, Қазақстансыз-ақ тірлігімізді жасай береміз. Біз өз елімізді қолдадық, қолдаймыз және Жеңіс біздікі болуы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Ештеңе бүлінген жоқ, жай ғана кезекті мәлімдеме, Қазақстанда адамдар есінен адасып жатыр. Мейлі.  Егер олар солай болса, не істей аламыз. Біз бір тамшы да ренжіген жоқпыз. Біз Қарулы күштеріміз бен армиямызды қалай қолдасақ, бұдан әрі де қолымыздан келгенше қолдай береміз", — деді Урюпин "Газета.Ru" басылымына.

Ол Лепстің Қазақстанда өнер көрсетуді жоспарламайтынын, өйткені ол "достық пейілі жоқ елдерге" бармайтынын айтты.

"Біз Қазақстанда жұмыс істеген жоқпыз, істемейміз де. Біз достық пейілі жоқ елдерге бармаймыз, бұл АҚШ-пен бірдей. Дұшпандар бізге  не істесе, біз де оларға соны істейміз", - деді ол.