Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды
Фото: stan.kz

15 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар қаласы әкімінің орынбасары А.С. Қалияқбаровты ұстады.

Ол жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді. Ақшаны алғаннан кейін А.С. Қалияқбаров қылмыс үстінде ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес  өзге ақпарат жарияланбайды.