Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақтөбе облысында зиратқа сирек кездесетін діни кітаптар көмілген

"Кітаптар 1963 жылғы газетке оралған. Асығыс көмілген шығар, бірақ олар өз қалпын жоғалтпаған", - дейді Өлкетану мұражайы қор бөлімінің бастығы.

Ақтөбе облысында зиратқа сирек кездесетін діни кітаптар көмілген
фото: дереккөз

Ақтөбе облысында бір жарым ғасыр бұрынғы діни кітап табылды, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Тасөткел ауылының тұрғыны зиратта жасырылған сирек кездесетін әдебиеттерді кездейсоқ тауып алған. Сарапшылардың пікірінше, араб тіліндегі басылымның иесі саяси қуғын-сүргін кезеңінде оны осылай тыққан болуы мүмкін.

Олар жинақ төрт түрлі кітаптан тұратынын айтады. Бұл кітап жақын арада құзыретті адамдарға тыңғылықты зерттеу үшін ұсынылмақ. Осыдан кейін тарихи олжа Руханият мұражайындағы құрметті орынға қойылады.

"Кітаптар - шариғат заңдары, фиқһ кітаптары. Олар, әрине, біз үшін құнды. Өйткені кітап шамамен 19-ғасырдың аяғы, 20-ғасырдың басынан бастау алады. Кітаптар 1963 жылғы газетке оралған. Асығыс көмілген шығар, бірақ олар өз қалпын жоғалтпаған. Сіздер білесіздер, атеизм дәуірінде адамдар мұндай кітаптарды үйде сақтаудан қорқатын", - дейді Өлкетану мұражайы қор бөлімінің бастығы Ләззат Нұркеева.