Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Тонаудың алдын алу үшін: Абай облысындағы ауылдарға сарбаздар жіберілді

Абай облысы Бородулиха ауданындағы орман өрті кезінде эвакуацияланған ауылдарға көмек көрсету үшін 100-ге жуық сарбаз жіберілді. Олар бірнеше ауысымда қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге қызмет ететін болады, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews сайтына сілтеме жасап. 

Тонаудың алдын алу үшін: Абай облысындағы ауылдарға сарбаздар жіберілді
Фото: tengrinews.kz

"Ұлттық ұланның" Шығыс" өңірлік қолбасшысының шешімі бойынша ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановпен келісім бойынша эвакуацияланған Половинки, Қаштак, Талица және Тепқашы ауылдарына Семей қаласының 5511 әскери бөлімінен 100-ге жуық сарбаз бен 8 техника жұмылдырылды", - деді Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді.

Әскери қызметшілер тонаудың алдын алу және зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында жіберілді. Олар екі ауысымда қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге қызмет ететін болады