Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Әйтеуір, қазақ келді-ау!»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы сынға қалды

Өз парақшасында қазақ министр келді деп қуанған депутат Дәулет Мұқаевты желі қолданушылары сынға алды. Олар депутаттың ұлтты бөліп жарғанына наразы. Бұл туралы Paryz.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Әйтеуір, қазақ келді-ау!»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы сынға қалды
фото: әлеуметтік желіден

Мәжілісмен Дәулет Мұқаев парақшасына даулы пост жариялап, Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Юрий Ильиннің орнына Сырым Шәріпханов болғанына қуанышын білдірген.

“Бұл қызметке, әйтеуір, қазақ келді-ау! Мемлекет басшысының Жарлығымен Сырым Дүйсенғазұлы Шәріпханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды. Сырым мырзаға жаңа қызметіне сәттілік тілейміз. Елде төтенше жағдай болмасын. Бізге керегі нәтижелі жұмыс. Юрий, қош бол! – деп жазды ол.

Министрдің біліктілігіне емес, ұлтына назар аударған депутатқа желі қолданушылары сын айтты.