Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Елімізде «бай адам» санатын анықтайтын табыс сомасы белгіленуі мүмкін

Елімізде «бай адам» санатын анықтайтын табыс сомасы белгіленуі мүмкін. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Сенатта өткен дөңгелек үстелден кейін БАҚ өкілдеріне осындай мәлімет берді, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Елімізде «бай адам» санатын анықтайтын табыс сомасы белгіленуі мүмкін
Фото: inform.kz

Вице-министр «Бай адам» дегенді кім деп түсінесіз?», - деген сұраққа қазір жауап беру ерте екенін айтады.

«Сізге нақты цифр керек шығар. Ондай цифрды атау әзірге ерте. Неге екенін түсіндірейін. Бұл жалпыға бірдей декларация аясында жүретіндіктен, алынған мәліметтерді жинау керек болады. Кімнің қандай табысы бар екенін талдап, жіктеу қажет. Бұл шамамен 2027 жылы мүмкін болады. Қазір 2023 жыл. 5 жылдан кейін «бай адам» деп кімді айтуға болатынын зерттеп, есептеуге болатын шығар. Нақты бір цифрды анықтайтын шығармыз», - деді ол.

Сондай-ақ, аталмыш санаттағы адамдарға салық қалай салынатынын айтты.

«Табыс салығының прогрессивті шкаласы қандай шекті сомадан бастап алынатынын есептейміз. 10 пайыз деген базалық мөлшерлеме болатыны түсінікті. Одан жоғары 15-20 пайыз болу керек деген нұсқалар бар. 10-20-30 пайыздық шкала қою мүмкіндігін талқылап жатырмыз. Бірақ оның бәрі қанша сомадан алынады? Миллион теңге ме, 1,5-2 млн теңге ме? Ол соманы заңдағы өзгерістердің мәтінін жазған кезде атайтын шығармыз. Өйткені қазір алдағы 5 жылға болжам айту біршама қиын. Жалпы бұл сұрақпен қайткенде де бетпе-бет келетініміз түсінікті. Салық кдоексінің мәтіні дайын болған кезде ол цифрды айтамыз», - деді Азамат Әмрин.

Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері Салық кодексінің жаңа редакциясын Парламент қарауына келер жылдың көктеміне дейін ұсынуды жоспарлап отыр.