Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Lada жүргізушісі жол бермей, пойызға соғылды

Маңғыстау облысында жүк пойызы мен көлік соқтығысты, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Lada жүргізушісі жол бермей, пойызға соғылды
Фото: instagram/podslushano_aktau

Қайғылы оқиға 8 маусымла сағат кешкі 16:54-те Мұнайлы ауданындағы теміржол өткелінде болды.

Lada-15 жүргізушісі пойызға жол бермей, соғылған. Апат салдарынан зардап шеккен 2 адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілген.

Жүргізушінің үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.