Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Жыл басынан бері 45 адам суға кетті - ТЖМ

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин суға батқандардың ең көбі Ақтөбе облысында тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Жыл басынан бері 45 адам суға кетті - ТЖМ
Фото: stan.kz

«Өткен жылы суға батқандар саны 43%-ға азайғанымен, өкінішке қарай, жағдай жақсы емес. Соңғы 3 жылда мыңнан астам адам суда қаза болды. Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 69 адам құтқарылды, оның ішінде 15-і бала, шомылу маусымы басталғаннан бері - 11 адам, оның ішінде 2-еуі бала. Бұл ретте 45 адам суда қаза болды, оның ішінде 14-і кәмелетке толмаған. Суға батқандардың ең көбі Ақтөбе (5 адам, оның ішінде 5 бала), Абай (5 адам, оның ішінде 2 бала), Қостанай (5 адам) облыстарында», - деді Ильин.

Министр атағандай, еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері -жабдықталмаған орындарда шомылу, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, мас күйде және өз күштерін бағаламай шомылу.

«Наурыз айында суға шомылу маусымында алдын алу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру үшін министрлік барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктердің нақты міндеттерін көздейтін «Шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» бұйрық бекітті. Сәуір айында «орталық және жергілікті атқарушы органдарды биылғы суға шомылу маусымына өтуіне дайындық туралы» күн тәртібімен ВАМК отырысы өткізілді. Өңірлерде судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық (қалалық) комиссиялардың отырыстарында алдын ала қаралды», - деді Юрий Ильин.

Министр атағандай, адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ полиция департаменттерімен және әкімдіктермен бірлесіп ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін өткізуде.