Таиландта теңізге түсем деп зардап шеккен қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қаралы хабарды марқұмның әпкесі естіртті.
«Артурдан айырылып қалдық», - деп жазды ол Instagram-да.
Cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадиров ақпаратты растады.
Еске салайық, бұған дейін Таиландта теңізге түскен қазақстандық көп су жұтып қойғанын хабарлаған едік.